20 ақпан күні Қаратөбе аудандық мәслихатының  6 шақырылымдағы кезектен тыс XXVII сессиясы оздырылды. 

Сессияда аудандық мәслихат хатшысы  ҚадыржанСүйеуғалиевтің «Қаратөбе ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» және  «Қаратөбе ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» хабарламасы тыңдалды.

Қаратөбе аудандық мәслихатының №27-1 «Қаратөбе аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» және №27-2 «Қаратөбе ауданының оғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» шешімдеріне сай күн тәртібіне ұсынылған мәселені аудандық мәслихат депутаттары  бір ауыздан мақұлдады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 12 адамнан тұратын аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Оның құрамына қоғамды құйымдар өкілдерімен қатар мемлекеттік органдардан 3 адам, өзін-өзі ұсыну тәсіліне сай 2 адам енді.

Сессияда сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев аудандық Қоғамдық кеңес жұмысының ауданныңәлеуметтік жағдайын арттырудағы рөлі мен қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, атаулы кеңестің жаңа құрамының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.