11 ақпан күні аудан әкімі Жанат Асантаев ауған соғысының ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Тура 30 жыл бұрын Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғаны тарихтан мәлім. Бұл соғысқа қатысқан 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер өз борыштарын адал атқарып, ерлігімен көзге түсті. Алайда соғыс салған зардап тым ауыр болды. Ауған соғысына қатысқан қаратөбеліктердің 20-сы елге оралған.Қазіргі таңда ауданда ауған соғысының екі ардагері тұрады.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында болған Ерболат Иманғалиев пен Батырбек Жұмағалиев соғы салаңындағы күндерді ескеалып, сыр шертті.
– Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасарлары ретінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан да барша халқымыз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен ауған соғысы ардагерлеріне әрқашанда тағзым етеді. Біз Сіздермен мақтанамыз, ерліктеріңізді бүгінгі жастарға үлгі етеміз. Болашақ ұрпақ жалынды жүрекпен елді сүюді Сіздерден үйренеді, - деп аудан басшысы Жанат Асылханұлы ардагерлерге сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, қабылдауға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы М.Қожахметов және еңбек ардагері М.Ермеғалиев қатысты. 

Тағылымды әңгімеге толы кездесу аудандық мәдениет үйіндегі мерекелік концертпен жалғасты. 
Жас жауынгердің сұрапыл соғыс кезеңіндегі қызметі, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен аудан соғысының батырлары туралы ұсынылған фильм-концерт көптің жүрегіне жолтапты. Аудандық мәдениет ошағының көркем өнерпаздары көрерменді патриоттық әндерімен тербетсе, аудандық кітапхана қызметкерлері жалынды жырларымен рух сыйлады.