Ақпан айының 1-і күні Қаратөбе ауданының әкімі, «НұрОтан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев  аудан тұрғындарын қабылдады.  



Партия филиалы төрағасының қабылдауына өтініштерімен келген аудан тұрғындарының дені бұл жолы аудан орталығынан болды.

Тұрғын үйкезегінде тұрған Қаратөб еауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мәнсия Жұмағалиева үй кезегіне қатысты өтінішін айтса, музей қызметкері Дулат Наушекенов тұрғын үйіне тартылған құбырдың өткен жылы және биыл тағы да қатып, сусыз қалып қиындық көріп отырғандығын жеткізді.

Филиал төрағасы Жанат Асылханұлы бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруды ауыз сумен қамту мәселесі бойынша тиісті салалар басшыларына тапсырды.

Үш ағаштық Жаңылсын Тапауова тұрғын үйінің аппаты жағдайда тұрғандығын және қазіргі таңда жұмыссыз отырғандығын айтып, көмек сұрады.

Жанат Асылханұлы жұмыссыз отырған  үш ағаштық Жаңылсын Тапауованы  жұмысқа орналастыруды аудандық жұмыспен қамту орталығының  директоры Назира Ермекқызыңың ұсынысына сай шешімін тапты, екінші мәселе Ж.Тапауованың аппаты жағдайдағы тұрғын үйіне байланысты өтінішінің жақын арада қанағаттандырылатындығын ескертіп, мәселені дер кезінде шешу бағытында жұмыстануды  қабылдауға қатысушы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиевке тапсырды.

Бұрын аудан орталығында  аяқ- киім тігу мен айналысқан жеке кәсіпкер Қайырбек Тілекқабылұлы  аталмыш кәсібін кайта жалғастыру мақсатында қаржы жағынан демеушілік сұрап, кәсіп аясын кеңейту мақсатында жер алу бойынша өтініш айтты.

– Кәсіпкерлікті қолдау біздің басты мақсатымыз. Кәсіпашу – құптарлық іс. Жер алу мәселесі шешіледі. Үлкен орын әзірлеп алып, аудан тұрғындарының сұранысына ие шаштараз тағы да басқа істер мен неге айналыспасқа.  Ал, бюджеттен қаржы жағынан демеушілік жасау мәселесі заң шеңберіндеқ арастырылмаған. Өзіңіз кәсібіңізге сай қаражатты несие алу арқылы қамтамасыз ете  аласыз, — деді  аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

Қаратөбе ауылының тұрғыны, аудандық қазынашылық мекемесінің кіші қызметкері Өтеміс Қаржауов өзімен бірге мекемедегі тағы бір кіші қызметкердің қаңтар айындағы еңбек ақысының өспей қалуы және өзінің  3 жылдан еңбек демалысына шыға алмай жүргендігі туралы шағымданып, көмек сұрады.

Аудан басшысы Ж.Асылханұлы кезекті қабылдауында  болған ауыл тұрғындарының өтініштерін орындау жолында тиісті салалар басшыларына мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.