24 қаңтар күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың халық алдындағы есеп беру жиналысытары Қаратөбе ауылдық округінде қорытындыланды.

Есептік жиында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Айдос Әмірғалиев өткен жыл ішіде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер, туралы баяндады. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан орталығында бірқатар ауқымды жобалар іске асқан. 
– Жобалар аясында Қаратөбе ауылының орталығындағы саябаққа 300 түп алма ағашы көшеттері отырғызылды. Астананың 20 жылдығына орай аудан орталығынан Астана саябағы ашылды. Саябаққа Астаның символына айналған «Бәйтерек» монументі (биіктігі 9,7 метр) мен субұрқақтар, балалар ойын алаңы, ерекше көз тартар орындықтар мен жарықшамдар қойылды. Сонымен қатар, күннен қуат алатын құрылғылармен жабдықталып, WI-FI тарататын орындықтар мен жарық шамдары да саябаққа орнатылды. Ауданның 90 жылдық мерекесінде академик, филология ғылымдарының докторы, Қаратөбе жерінде дүниеге келген Қажым Жұмалиевтің мүсіні ашылды. «Burakz» ЖШС жетекшісі Талаптан Дауылтаев балалар ойын алаңын сырғанақ, әткеншек және керме сынды қондырылғылармен жабдықтады.

Жерлес кәсіпкерлердің көмегімен Қ.Жұмалиев пен Мұхит көшесінің қиылысынан қоғамдық монша ғимаратына дейін 16 көше шамы орнатылса, С.Датұлы көшесіне күннен қуат алатын 32 көше шамы орнатылды. Ауылдың кіреберісіне төбесінде шаңырақ, ұшқан қыран, домбыра, қазақ батырының қаруы бейнеленген және ұлттық оюмен безендірілген арка орнатылды. Сонымен қатар Шөптікөл орта мектебінің 1996 жылғы түлектері «Менің жүрегім Шөптікөл» атты белгі қойды, - дейді округ басшы Айдос Орынбайұлы. 

Округ тұрғындары алдында сөз алған аудан әкімі Жанат Асылханұлының айтуынша былтырғы жылы ел игілігі үшін жүзеге асырылған жоба – «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қаратөбе ауылындағы бір пәтерлі 14 үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сондай-ақ Қаратөбе ауылындағы Жұмақаев көшесіндегі тұрғын кешенін электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. 

Тамыз айында «Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау құрылысы» нысаны аяқталып, Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана елді мекендеріне ауыз су жеткізілді. Сонымен бірге аудандағы газ жүйесіне қосылмаған 10 әлеуметтік нысандарды газдандыру құрылысы аяқталды. 

Есептік жылда Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй салуға, Жусандыой ауылының ауылішілік су құбырын жүргізуге, Қаратөбе ауылындағы 67, 83 бірпәтерлі тұрғын үйлерді салуға, оларға инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға, Қаратөбе ауылындағы 45, 49, 50 жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізілді. 

Қазіргі таңда Қаратөбе ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының құрылыс жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2019 жылы пайдалануға берілу жоспарда бар екендігіне тоқталды. 

Жиын соңында ауыл тұрғыны Махсот Ермеғали Қаратөбе ауылында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда атқарылар игі бастамаларға сәттілік тілеп, оң бағасын берді.