Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында қыркүйек айының 22-і күні Шыңғырлау ауданының 90 жылдығы атап өтілді.

Ең алғаш болып Шыңғырлау аудандық өлкетану музейінде аудан тарихына арналған кітаппен деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Одан кейінгі шара ипподром аумағында жалғасын тауып, Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Темірболатұлы жерлестерін айтулы күнмен құттықтап, осындай мереке қарсаңында өз еңбектерінің озаты болып, жылдар бойы көршілес ауданның өрлеуі мен өсуіне үлестерін қосып жүрген ,әр түрлі бағытта жетістікке жеткен жерлестерін арнайы номинациялармен марапаттады. Сонымен қатар көршілес Ресей елі мен облысымыздың көршілес Хобда, Тасқала аудандарының делегациялары, Қаратөбе ауданынан аудан әкімі Жанат Асылханұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Орынбасарұлы қуанышқа ортақтасып , мерекемен құттықтады.

Мереке «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген гір көтеру, қол күрес, теңге ілу, аударыспақ, қошақан көтеру, қой көтеру, көкпар , қазақ күресі, тай жарыс , топ бәйге, аламан ұлттық спорт түрлері ойындарымен жалғасын тапты.