26 қыркүйек күні Қаратөбе ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жүргізді. 

 

Күн тәртібінде аудан бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы М.Есендосовтың, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Сайновтың хабарламалары тыңдалды.

Ұсынылған мәселелерді қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.