1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мәдени-көпшілік шара аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің аудан тұрғындарына арналған мерекелік концерті болып өтті.

Халықтар достығының бесігіне айналған мереке күні Қаратөбе ауданының әкім Жанат Асылханұлы бастаған авто-велошеруге Қаратөбе колледжі студенттері, мектеп оқушылары қатысып, аудан көшелері бойымен ҚР-ның Мемлекеттік Туын салтантты түрде алып өтті. Авто-велошеру қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, достық пен татулықты нығайта түсу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсат-міндеттерін көздеді.