Бүгінгі күн – салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне, 73-інші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған.

Бүгін аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақов бастаған топ орталық алаңнан жүріп өтіп, аудан орталығында орналасқан «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, отты жылдары Отан үшін жан қиған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ұлы Отан соғысынан оралмаған, қан майданда мерт болған майдангерлер рухына салют берілді.