Бүгін Қаратөбе ауданының орталық алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Менің Қазақстаным!» акциясы өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада алдымен аудан жастары Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін алып, орталық алаңға шеру тартты.

Жанат Асылханұлы мерекеге орай, Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына өз үлестерін қосқаны үшін Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты, Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық орталық ауруханасы мекемелеріне алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік шарада патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, аудан жастарының флешмобына ұласты.