20 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қаратөбе ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Адал жол — честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан бастаған топ Сырым ауданынан келген делегаттарды ауданның кіреберісінде көк туды желбірете көтерген авто және велошерушілермен қарсылап, ақ дәм ұсынды.

Облысымыздың барлық аудандарын қамтып отырған марафонға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Нарғожиев, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалиев, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов және аудандық мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен 26 наурыздан бастап БҚО-да үлкен марафон жүзеге асып келеді. Міне, бүгін 9-шы аудан болып Сырым ауданы осы марафонды көршілес Қаратөбе ауданына табыстағалы отырмыз. Эстафетаның негізгі мақсатыЕлбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Эстафета барысында Сырым ауданының орталығы мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірнеше шаралар өткізілді. Бұның бәрі біз бен сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысуымыз деп білемін, — деп мінбеде сөз алған Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафонының кітабын Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанға салтанатты түрде табыстадыМарафон аясында аудан жастарының жемқорлыққа қарсы флэшмобы өткізіліп, аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Марафон барысында алдағы онкүндікте бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандағы мүдделі мекемелер мен ауылдық округтерде шаралар өткізіледі. 

Аталмыш эстафета кітабын үшінші қыркүйек күні Қаратөбе ауданының делегаттары көршілес Шыңғырлау ауданына жеткізетін болады.