Қаратөбеде өткен жерлестер форумы барысында аудан әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе өңіріне сүйіспеншіліктерін танытып, туған жердің өркендеуіне қол ұшын беріп жүрген бір топ ел азаматын Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Шара барысында аудан әкімі Жанат Асантаев пен аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев аудандық мәслихат шешіміне сай елеулі еңбегімен танылған аудан азаматтары, әр кезеңде аудан басшысы қызметін атқарған Наурызбай Қарағойшин мен Асхат Шахаровқа, жерлес ақын Айсұлу Қадырбаеваға, ғалым Мәлік Шәлменовке, кәсіпкер Болат Исмағұловқа, әнші Сағадат Рахметжановқа, ақын Талант Арғынғалиға «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Асхат Шахаров, Болат Исмағұловтар сөз сөйлеп, қаратөбеліктерді мерекелерімен құттықтады.