10 тамыз күні Қаратөбе ауданының 90 жылдығына орай «Астана» саябағының салтанатты ашылуы өтті.

- «Астана» саябағы - облыс патриоттарының туған өлкесінің мерейтойына арналған сыйлығы. Осы игі істерге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді.

Қаратөбеліктерді және бүгінгі шараның қонақтарын біздің ауданымыздың мерейтойымен құттықтап, одан әрі гүлдену тілеймін, - деді аудан  әкімі Жанат Асантаев.

Дәстүрлі лентаны кесу құқығы Жанат Асантаевқа  және жерлесіміз Рахымжан Елешовке берілді.

Жаңа саябақта тұрғындардың демалуына барлық жағдай жасалған. «Бәйтерек» монументі, биіктігі  9,7 метр, фонтан, балалар алаңы, әдемі орындықтар мен жарық шамдар орнатылған. Жаңа  саябақта , сондай-ақ күн батареясымен WI-FI мен жарықтандыру шамдары орнатылған орындықтар барын айта кету керек.

Ауыл тұрғындары аудан орталығында әдемі саябақ сыйлаған Жандос Aйталиев, Taлаптан Дауылтаев,Құсайн Мұқанов, Ермұрат Сариев, Радик Хайров сынды жерлес патриоттарына өз ризашылықтарын білдірді.

Ашылу салтанатының соңында барлық қонақтар саябақта жүріп өтті.