Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерекесінде академик, филология ғылымдарының докторы, Қаратөбе өлкесінің перзенті Қажым Жұмалиевтің мүсінінің  ашылу салтанаты өтті.

Мүсіннің ашылу салтанатына аудан әкімі Ж.Асылханұлы, аудан тұрғындары, аталмыш мерекенің қонақтары мен жазушының туған-туыстары қатысты. Мүсінді ашу құрметі ақын Айсұлу Қадырбаева мен профессор Мәлік Шәлменовке ұсынылды. Ашылу рәмсімінен кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шара аясында сөз алған аудан әкімі Ж.Асантаев:

Академик, жерлесіміз Қажым Жұмалиев Артында өшпес мұра қалдырды. Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға. Біз әркез ол кісімен мақтанамыз. Бүгінгі күні ұлы тұлғаға арналған бюсттің ашылуыбұл Қаратөбе халқының ғалымға деген ерекше құрметі деп білеміз,-деп жазушының ерекше тұлғалық қасиетін атап өтті. Айта кету керек, мүсін аудандағы жазушының атына берілген көшеде орналасқан. Бюст жерлесіміз, жеке кәсіпкер Болат Қамиевтің демеушілігімен бой көтеріп отыр.

Болат Қамиев, Жеке кәсіпкер: Бүгінгі ауданмыздың 90 жылдығы аясында ауқымды оздырылып жатыр екен. Жаңа ғана «Астана» саябағының ашылуына куә болсақ, енді міне Қажым Жұмалиев атамызға арналған ескерткіш тақтаны ашып жатырмыз. Біз Қажым ағамызды мектеп кезінен білеміз. Жастайымыздан ол кісінің «Жайсаң жандар» атты кітабын оқып өстік. Осындай тұлғаның ескерткішіне демеушілік жасауды өзімнің парызым деп білдім.