Бүгін  «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында аудан әкімі, филиал төрағасы Жанат Асантаев  аудан тұрғындарын қабылдады.

Партия филиалының төрағасы Ж.Асылханұлы ауданның 8 тұрғынын қабылдап, олардың мәселелерін мұқият тындады. Тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін тұрғын үй кезегіне тіркелу, жұмысқа орналасу сынды жеке шаруаларымен қатар партия филиалына сенім арта келген тұрғындар да болды. Қоғамдағы түйткілді мәселелер турасында қозғаған  өтініштер бойынша бөлім басшылары Мербол Есендосов, Назира Жұмағалиева, Бақытжан Жүсіпқали, Айдос Әмірғалиларға тапсырмалар беріп,филиал төрағасы олардың орындалуы қатаң қадағаланатынын қадап айтты. Ой-пікірлерің айтып өтініш білдірушілердін дені сулыкөлдіктер болды. Филиал төрағасы Жанат Асылханұлының тұрғындарды қабылдауына филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.