Қоғам алдындағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында «Парасыз болашаққа. Біргемобильдік топ мүшелері 25 шілде күні Қаракөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізуді мақсат еткен топ мүшелері өзекті мәселе төңірегінде сөз қозғады. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округі әкімі Нұржан Сахипов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігіне тоқталып, ауылдық округте атқарылған жұмыстарын атап өтті. Кездесу барысында тұрғындар алдында сөз сөйлеген мобильдік топ мүшесі, «Нұр Отан» париясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов: – Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 негізгі міндеттің басым бағытының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі екендігін айтқан болатын. Қоғамда орын алып жатқан жегі құрттай құртатын кеселге жол бермеуіміз керек, — деді.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Хасанов сыбайлас жемқорлықпен күресте жоғары нәтижеге жеткен әлем елдерінің озық тәжірибесіне тоқталды. Басқосу соңы ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша жолығуға мүмкіндік алған «Ашық әкімдік күні» шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары халықпен кездесуге арнайы келген аудандық бөлім басшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды