16 шілде күні Қаратөбе аудандық мәслихатының  VI  шақырылымдағы кезектен тыс ХХ  сессиясы оздырылды.

 

Сессияның күн тәртібіндегі   Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №15-12 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы  аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шынаргүл Қожахметова хабарлама жасады. Аудандық мәслихат депутаты Ғұсман Мырзағали төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қатысып сессияда қаралаған мәселеге орай қорытынды жасады. Күн тәртібіне қойылған мәселені халық қалаулылары бірауыздан қабылдады.