Таяуда «Аудан көлемінде  2018 жылғы табиғи өрттің алдын алу және оны жою, күштер мен құралдардың  дайындығы  туралы» аудан әкімдігінде ТЖ комиссиясы оздырылды. Отырыста ерікті өртке қарсы жасақтарды оқыту мәселесі көтерілген болатын.

Комиссия төрағасы, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Рашит Иманғалиевтың қолдауымен ерікті өртке қарсы жасақтарды оқыту мақсатында аудан әкімдігі жанынан қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 12 шілдесі күні «Өрт қорғау» ЖШС қызметкерлері арнайы келіп, ауданға қарасты 8 ауылдық округінің әкімдері мен ерікті құрамаларды оқыту курсынан өткізді. – Бір күнге жоспарланған біліктілікті арттыруға бағытталған оқуға 90 адам қатысты. Оқыту барысында далалық жану оқиғалары орын алған кезде өртті қалай сөндіру керектігін, алғашқы медициналық көмек беруді, дала өртін сөндіретін аспалы бүркіштер сөмкесін (ранцы) қалай қолдану т.б. тақырыптарда түсінік жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Оқыту қорытындысында сынақ алынып, оқу куәліктері табысталды, — дейді аудандық ТЖБ-нің бастығының м.а., азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.