1 маусым күні Қаратөбе ауданының орталық саябағында 13 маусымдағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған шілде  айының алғашқы жексенбісі  Ұлттық домбыра күніне орай  алғашқы рет  «Домбыра – асыл мұра» атты салтанатты шара оздырылды.  

 


Салтанатты шарада Ұлттық домбыра күніне орай аудан жұртшылығын мерекемен құттықтаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы:
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қазақтың қара домбырасының ұлттық дәстүрді насихаттаудағы маңызы айырықша. Белгіленген мерекенің ұлттық мәдениетіміз бен бірегейлігімізді мұраға қалдырудағы рөлі зор болмақ. Домбырамызды дәріптеп, ұлттық құндылығымызды әлемге паш етуіміз керек. Бүгінгі Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты  болсын,- деді.



Шарада дәстүрлі өнерімізді насихаттап, домбырамен қазақтың дәстүрлі әндердін, күйлерін  орындап жүрген бір топ домбырашы өрендерге аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан және аудан кәсіпкерлері Серік Жолымбетов, Берік Шұқанов, Асан Исмағұлов, Құралай Молдағалиева, Тоқтар Омаров, Жанболат Омаров, Елдос Аюпов, Шолпан Дүйсенғалиевалар су жаңа домбыра табыстады. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Гүлжанат Алтайқызы «Аңыз домбыра, Абыз домбыра» атты кітап көрмесімен таныстырды. 


Салтанатты шара барысында Аманғалиев Ернар «Ерке сылқым» күйін, Толқын Қуаншалиева «Туған жер», Бекболат Нұрғалиев «Қазақтың дастарқаны», Нұршат Жұбайұлы «Асыл қарғам», Әлия Жолдығалиқызы «» әндерін орындаса, Есен Ғұмаров терме шырқады. Сонымен қатар, саз мектебі жанындағы ансамблдің орындауындағы әуенді күмбірлеген күйлер көрермендер көңілінен шықты.