26 маусым күні  Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұйымдастыру, құқық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы оздырылды.

Аталмыш отырысқа Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұйымдастыру, құқық және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Лиана Тұрсынова, облыстық мәслихат депутаттары Мадияр Байжанов, Мұхтар Мәлік, Құсайын Мұқанов, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы Ұлжан Хисметова, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев, «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық бөлімдердің басшылары қатысты. Ауқымды отырыста күн тәртібіндегі мәселеге  орай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.

 

Хабарламашы Берік Базарұлы «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумақтарды дамыту» бағдарламасының Қаратөбе ауданында орындалу барысымен таныстырды. Отырыста сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұйымдастыру, құқық және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Лиана Алексейқызы Қаратөбе ауданы негізінен мал шаруашылығына бағытталғандықтан аталмыш саланы дамыту мақсатында ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға, салалар бойынша білікті кадрларды тұрақтандыру, олардың толыққанды жұмыс жасауына жағдайдың қарастырылуы, балалардың балабақшаға қабылдануы, тұрғындарды жұмыспен қамту, орта және шағын бизнесті дамыту, олардың арасында кәсіпкер әйелдердің қызметіне баса назар аударып, сала басшыларына бірқатар сауалдар қойды.

 

Аудандық ауылшаруашылық, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары Есенжол Ғабдыраш, Нұрбол Бозов, жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева халық қалаулылары тарапынан қойылған сауалдарға байланысты атқарылып жатырған жұмыстарды баяндапалда тұрған жоспарлы жұмыстармен таныстырды. Отырыста сонымен қатар түйіні шешілмей жүрген түйткілді мәселелер де айтылды. Халық қалаулылары  орман шаруашылығын құру, орта және шағын бизнесті дамытуға зор ықпал жасайтын логистиканы дамыту, жер кезегіне тұру, тұрғындарды тұрғын үймен қамту мәселелеріне тоқталды.

 

Бүгінгі отырыста Батыс Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының Қаратөбе ауданында орындалу барысымен танысыпқол жеткізілетін көрсеткіштер мен дамытуды талап ететін тұстарын, алдағы атқарылатын іс-шаралар бағытын айқындадық. Отырыс барысындағы талқылаулар, берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, орындалуы бақылауға алынатын болады,- деді отырысты қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы.

 

Ауданға сапары барысында облыстық мәслихаттың депутаттары аудан орталығындағы орталық ауруханада, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, Қаратөбе мектеп-гимназиясында, фитнес клубта және жаңадан ашылған мал сою қосынында болып, атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты.