«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Адам капиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жосапарына сай цифрлық сауаттылық бойынша тұрғындарды оқыту курсы өтуде.

Оқыту курсы ашық үкімет құрамдастарын пайдалануда азаматтардың білімі мен дағдысын арттыру«е-gov» электрондық үкіметтік порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді қолдану, халықтың цифрлық жүйемен жұмыс жасауды арттыру мақсатын көздейді.

18 маусым күні Қаратөбе мектеп-гимназиясының базасында басталған оқыту курсының алғашқы тобында 17 адам дәріс алды.

Қаратөбе мектеп-гимназия-сының информатика пәнінің мұғалімі Атапкел Бексүгіровтың жетекшілігімен өткен бір күндік курста «Негізгі сандық дағдылар», «Е-GOV дағдылары», «OPENGOV дағдылары», «E-COMMERCE дағдылары», «Ашық үкімет», «Ашық деректер порталы», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог», «Ашық нормативтік құқықтық актілер» тақырыптары бойынша дәріс оқылды.

Жалпы 18 маусым мен 5 шілде аралығында аудан орталығы мен ауылдық округтерде өтетін оқыту курстарында 18 топ бойынша 280 тұрғын цифрлық сауаттылық курснан өтпек. Өз еріктерімен курсты оқуға ниетті тұрғындар болса қосымша оқыту курстары жүргізілмек.