2018 жыл 21 маусым                                                  БҚО,Қаратөбе ауданы

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сағат 11:00-13:00 аралығында Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі 19,мекен-жайындағы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында салық төлеушілерге арналған «Мемлекеттік кіріс органдарының кедендік рәсімдеу және салықтық әкімшілендіру» саласында енгізіп жатқан барлық жаңашылдықтар туралы «Ашық есіктер күнін» өткізді.

Ашық есік күніне барлығы-17 адам қабылдауда болып, олардың 11-жеке тұлғалар, 6- дара кәсіпкерлер. Жалпы тұлғалар көкейінде жүрген сұрақтарды мамандарға қойып,  толық жауап алды. Сұрақтардың басым көпшілігі жеке тұлғалардан болды: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін қажетті құжаттар тізімі, көлік салығына берілетін жеңілдіктер, 2018 жылы Салық кодексіне енгізілген өзгерістердің тиімді жақтары туралы және салық берешектері бар тұлғалар заң шеңберінде қандай жауаптылыққа тартылуы мүмкін т.б.

Сұрақтарға толық жауап беріліп,халық ақпараттандырылды.