Аудан әкім аппаратының мәжіліс залында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және жұмыспен қамту бағдарламасына тарту, мәртебесі анықталған тұрғындарды өзектендіру, жаңа жұмыс орындарын құру жұмыстарының штаб кеңесі өтті.

 

 

Аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен өткен жиынға бөлім басшылары, штаб кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиында алғаш сөз сөйлеген ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдраш өз сөзінде:
Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың мәртебесін анықтап, заңдастыру мақсатында шаруа қожалықтармен түсінік жұмыстары жүргізілді. Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды заңдастырып, ресми түрде тіркеу керек. Ауданымыз бойынша шару қожалықтарда заңдаспаған 100-ге жуық адам анықталды. Атап айтсақ,  Аққозы ауылдық округінде – 7, Егіндікөлде – 11, Жусандыойда – 8, Қаракөлде – 4, Қаратөбеде – 17, Қоскөлде – 16, Саралжын округінде – 16, Сулыкөл  округінде – 14 адам заңдаспаған. Ауылдық округтердегі шаруа қожалық иелерімен тығыз байланыс жасап қожалықтарда жұмыс жасайтын адамдарды заңдастырып тиісті төлемдерін уақытылы аудартып отыру керек, -деді.
Алқалы басқосуда сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында жыл басында аудан бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы қабылданып, негізгі бағыттар бекітілгендігін атап өтті. Орталық басшысы Н.Жұмағалиеваның айтуынша аудан бойынша 2273 бейресми жұмыспен қамтылған адамды жұмыспен қамту бағдарламасына тарту қажет. Бүгінгі таңда 207 өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар жұмыспен қамту бағдарламасына тартылды.  Соның ішінде 121 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 29 адам қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 19 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 1 жас маман «Жастар практикасына» жолданып, 37 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Кеңесте көтерілген мәселе бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.