27 сәуір күні Қаратөбе ауданында «Ізгілік» діни ағымдардан қорғау көмек көрсету орталығы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада Елбасының Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру, мақаласындағы жобаларды насихаттау, және осы бағдарламаның 1 жыл толуына орай «Дін және тарих тағлымы» тақырыбында тарихшы, дінтанушы мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық мешіт имамы Ә. Бекқазиев, ардагер-тарихшы ұстаз Бауен Зиеден, аудандық маслихат депутаты Н. Меңдешов қатысып, тарихи, діни-имандылық қағидаттары және ұлттық құндылықтар жөнінде өздерінің құнды пікірлерімен бөлісті. Шараға қатысушы мекеме жастары зор ықыласпен тындады. Шара барысында ЖРО-ғы ұжымының арнайы сыйлықтарына ие болу үшін, көрермен жастардын санасына сілкініс, толғаныс, ой тудыру үшін мақал-мәтел сайысы оздырылды. Шараға арнайы шақыртумен келген жас домбырашы Қайрат Байғұтты Құрманғазының Адай, Әлқисса күйлерін жан тебіренте орындады. Шара соны арнайы дін тарих тақырыбына арналған кітап көрмесі және сурет көрмесімен жалғасын тапты.