Бүгін Сулыкөл селолық округінде аудандық дін саласындағы АТТ мүшелері,  аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев және теолог маман Әмірбек Жәнібеков  ауыл тұрғындары, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері және  мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен келелі кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы: Жақсылық игі істерде өзара жарысу, мұсылманның мұсылман адамғарға қол ұшын беруі тақырыбында болды. Тақырыпқа орай аудандық мешіт имамы Әділжан Бекқазиев ислам дініндегі жақсылық жасаудың сауапты амал екендігін, жастардын бойында жақсылық жасауға әркез бейім сипаттар болу керектігі жөнінде құнды пікір айтса, теолог маман қазақ тарихында аты аңызға айналған атымтай жомарттардың көп екендігін, қол ұшын беруде қазақтың төл негізі жылуды қайтадан тірілтіп, мұқтаж жандарға көмектесу, исламның ең ізгі амалы болған. Танысаңда, танымасаң да өзгеге сәлем беру, аш адамды тамақтандыру мәселелері жөнінде кеңінен түсінік берді. Кездесуде оқушылар Ораза ұстауды қай жастан бастауға болады?, Вахабщылдық қандай ағым?, Ислами тәлім-тәрбие беретін Жоғарғы оқу орындары турасында сұрақтар қойып сұрақтарына мардымды жауап алды.