Үстіміздегі жылдың 22 қаңтары күні түске дейін Аудан әкімі Ж.А.Асантаев  Егіндікөл ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берді, жиында ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу және Қоскөл ауылымен аралықтағы жолды күтіп ұстау жөнінде ауыл тұрғындарынан ұсыныстар түсті. Сонымен қатар Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі түстен кейін Қоскөл ауылдық округінде жалғасын тапты. Есептік кездесуде Қоскөл ауылынан шығатын 9 шақырымға созылатын жолды асфальттап Самара-Шымкент тас жолына қосу және оны күтіп ұстау, сондай ақ ауыл ішіндегі тазалық мәселесі көтерілді. Сонымен қатар Қоскөл ауылдық округінің әкімі Берік Жақсығалиевте 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Қаңтар айының 23-і күні түске дейін аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі Аққозы ауылдық округінде жалғасты. Кездесуде  ауылмен аудан орталығын қатыстыратын жолды күтіп ұстау және ауылдағы интернет нүктелерін көбейту басты мәселе болып көтерілді. Сонымен қатар Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Түстен кейін аудан әкімінің есептік кездесуі Саралжын ауылдық округі тұғрындары алдында жалғасты. Бұл кездесудеде Қаратөбе-Қарақамыс бағытындағы жолды күтіп ұстау көкейтесті мәселе болып көтерілді. Сонымен қатар Сәуле ауылындағы ауыз су мәселесі мен ауылдағы электр тоғын таратушы трансформатордың жиі істен шығуна байланысты ауыстыруды қажет ететіндігі айтылды. Сонымен қатар Саралжын ауылдық округінің әкімі Қайыр Бисенғали 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Есептік кездесу 24-ші қаңтар күні түске дейін Сулыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде жалғасын тапты. Ауыл тұрғындарының есепті кездесуде жол күтіп ұстау мәселесімен қатар бруцеллез ауруына қарсы ірі қара малдарын егуді жандандыру, яғни егу кестесін өзгеріс еңгізу мәселесі көтерілді. Сонымен қатар Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Аудан әкімінің есептік кездесуі түстен кейін Жусандой ауылдық округінде жалғасты. Округ әкімі Талап Қазиев  2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Қаңтар айының 25 –і күні аудан әкімі есептік кездесуін түске дейін Қаракөл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуден бастады. Округ тұрғындары округ орталығы Ақтайсай ауылында ұялы байланыс орнату жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Аудан әкімі Ж.А.Асантаев түстен кейін аудандық мәслихат залында Қаратөбе ауылдық округі тұрғындары алдында есеп берді.
Аудан әкімі Ж.А.Асантаев ауылдық округ тұрғындары алдындағы есептік кездесулерде көтерілген барлық мәселердің оң шешімін табу үшін тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Сондай ақ есептік кездесулерге Қаратөбе аудандық мәслихатының хатшысы Қ.О.Сүйеуғалиев, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.С.Тоғызбаев және басқа да тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі А.Ж.Асантаевтың Қаратөбе ауданының халқы алдында есеп беру жиыны 2018 жылдың 9-шы ақпаны күні сағат 1100де аудандық мәдени демалыс орталығында өтеді деп жоспарлануда. Есептік кездесуге БҚО әкімі А.С.Көлгінов қатысады деп жоспарлануда.