2018 жылдың 17 қаңтары күні Қаратөбе аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа БҚО Қоғамдық Кеңес төралқасының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов, БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Алтынай Есқалиева қатысты.

Отырысқа аудандық Қоғамдық Кеңестің қоғамдық тыңдау, қоғамдық бақылау, қоғамдық мониторингті құру комиссиясының төрағасы Қ.Сүйеуғалиев төрағалық етті. Күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі Жанат Асантаев 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы хабарлама жасады. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандық Қоғамдық Кеңестің 2017 жылда атқарылған жұмыстары туралы аудандық Қоғамдық Кеңестің әлеуметтік саланы қарау, бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлан Оразов баяндама жасады.
Отырыста БҚО Қоғамдық Кеңес төралқасының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы мүгедектері Ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов, БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Алтынай Есқалиева, Қоскөл ауылының тұрғыны Серік Нығыметов сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң бағаларын берді.