Аудандық филиал төрағасының қабылдауында болған ауыл тұрғындары бірқатар өтініштерін айтты. Өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында аудан орталығынан шаштараз ашуға қолдау көрсету, жұмысқа орналасу, мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйге қол жеткізу және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері қозғалды.
Филиал төрағасы қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді өзінің тікелей бақылауына алатындығын жеткізді.