Бүгін Қаратөбе ауданы орталығы іргесіндегі оқу-жаттығу алаңында азаматтық қорғау күштері мен халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, кешенді тексеріс және кешенді оқу-жаттығу жиыны оздырылды.

Тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі төнген және орын алған кездегі шұғыл жағдайларда әрекет етуге орай оқыту сабақтары, ауданның басқару органдарының жұмыс үйлесімдігін арттыру мақсатында штабтық жаттығулар өткізілді.
Аудан орталығынан іргесінде оқу-жатығу штабы орналастырылып, телефон, телефон-факс, ғаламтор желісімен қамтылды. 
Оқу-жатығу алаңында ТЖК, АҚ қызметтері, құрама жедел ден қою жасағы, АҚ құрамалары; ұйымдар мен кәсіпорындарының төтенше жағыдай орнаған кезде алдын алдын алу шарасына дайындығы пысықталып, төтенше оқиға болған жағдайда құтқару жұмыстарына жауапты арнайы құрал-жабдықтарымен қамтылған жасақтарды аралап, дайындықтарын көрді.
Оқу-жаттығу барысын аудан әкімі Жанат Асантаев, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің бөлім бастығы, подполковник Жәнібек Кәрімбаев қадағалады.
Одан әрі штабтық оқу жатығулары Қаратөбе мектеп-гимназиясында, Шөптікөл ауылдық округінде жалғасты. 
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс және ТЖ жою жоспарларына нақты және де сақадай-сай болып, ерекше көзге түскен бірқатар ұжымдар марапатталды. 
Олардың қатарында аудандық байланыс торабы (С.Зейнуллин), аудандық элекр торабы мекемесі (Х.Мырзагерей), аудандық орталық аурухана (В.Елеусінова) ұжымы және аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгеревтер бар.

Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы