«Нұр Отан» партиасы Қаратөбе ауданы филиалында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалғымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асырылуы туралы дөңгелек үстел оздырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының Қаратөбе ауданы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар бөлім басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Елбасының мақаласында жазылған негізгі бағыттарды іске асыру бойынша ел көлемінде қызу жұмыстар атқарылып жатыр. Соның негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама негізгі төрт кіші бағыттан тұрады.
Олар: «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны».
«Атамекен» бағытыбойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов: 
- Осы мақсатта аудандағы, қала берді, еліміздің әр түпкірінде тұратын ірі кәсіпкерлердің басын қосқан демеушілер тобын құру жоспарланып отыр. Топ құрамындағы қалталы кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдағы маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету сынды жұмыстарды қолға алатын болады.
Осы орайда аудан әкімдігі мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынғалы отырған «Жомарт жүрек» жобасы аясында тамыз айының 18-ші жұлдызында Орал қаласында қаратөбелік кәсіпкерлермен кездесу өткен болатын.
«Рухани қазына» бағыты бойынша аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов ауданда іске асып жатырған тың жобалар жөніңде қысқаша тоқталды.
Елбасының мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі» деген жолдар бар. Осы ретте, «Рухани қазына» бағыты бойынша аудан көркемөнерпаздары мен мәдениет саласындағы шығармашылық өкілдерінің тек республика көлемінде танылуына орай ұйымдастырылған мақалаларды мыңдаған оқырмандар оқып, жылы пікірлерін қалдыру үстінде.
«Тәрбие және білім» бағыты аясында жастардың білім алуына, олардың өзара коммуникацияға түсуіне, ортақ мақсат пен елдік мүдде жолында жұмыла еңбек етуіне жағдай жасалуда. «Балдәурен», «Айгөлек» дарынды балалар фестивалі, «Жасыл жапырақ» акциясы, «Менің Отаным – Қазақстан» атты слет, «Мерейлі отбасы» т.б. жобалар, мүшәйра сынды іс-шаралар,бағдарламалар табысты іске асырылуда, - дейді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есенгүл Рабаева.
«Ақпарат толқыны» бойынша атқарылып жатқан барлық жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып келеді. Бұл жөнінде «Жайық Пресс» ЖШС – Қаратөбе филиалы «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов баяндады.
- Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінен үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзіндік сапалық және сандық индикаторлары бар.
Елбасы мақаласы жарияланғаннан кейін «Қаратөбе өңірі» газетіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстар турасында бүгінгі таңда 13 мақала жарияланды. Газеттің фейсбук парақшасында 51 ақпарат жарық көрді.
Сәуір айында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетовтің "Депутаттар ел ішінде,халық арасында", аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Эльмира Есқайырованың "Жарқын болашаққа бастайды"пікірлері мен мақалалары басылды. Сондай-ақ «Жайық Пресс» сайтында да ақпараттар жарыққа шықты.
«Қаратөбе өңірі» редакциясы Елбасы мақаласын насихаттау үшін «Ақпарат толқыны» бағыты бойынша жұмыс жүргізуде, - дейді Ертай Сағындықұлы.

Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы