Тамыз айының 18-і күні Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру турасында мемлекеттік қызметшілердің қатысымен дөңгелек үстел оздырылды.

Аталмыш жиынға бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің қызметшілері қатысты.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібіндегі «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы» аудан әкімі аппартының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің функциясын атқарушы Мейрамгүл Кенжеғалиеваның, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру бойынша Жусандыой ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Айгүл Бақытжанованың хабарламалары тыңдалды.
Дөңгелек үстел барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілер Рамазан Қыдырашев пен Бақытжан Жүсіпқали, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиевтер күн тәртібіндегі мәселелерге орай өз ойларын ортаға салды.

Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы