Сенбілік барысында Қалдығайты өзені жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып, саябақтар мен бақтарды абаттандыру жұмыстары коммуналдық қызмет күшімен жүзеге асырылды.

Акцияға 43 мекеме ұжымдарынан жалпы саны 160-тан астам адам және бір МТЗ-80 маркалы тракторы жұмылдырылды. Олар 6 топқа бөлініп, тазалау жұмыстарын жүргізді. 
Әр топ өздеріне берілген аумақтарын тазалап, нәтижелі жұмыс көрсете білді.Нәтижесінде 8 тоннакүл-қоқыс тұрмыстық қалдықтар төгетін полигонға жеткізілді.

Маралбек БОЛАТБЕКҰЛЫ,
Қаратөбе ауданы