Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік инфрақұрлым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел отырысына аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтан төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Отырыс барысында қатысушылар аудандағы жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылап, жемқорлықты болдырмау, алдағы уақытта насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тізбесін жасақтады.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Әмірғали жол құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізіліп жатырған шаралармен таныстырып, оның жұмысын күшейтуге ұсыныстарды ортаға салды.
Кеңес соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оның құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде бөлім басшылары мен мамандарға бірқатар тапсырмалар тапсырды.

Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы