Бүгін аудан жастары «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.
Отырыс барысында Елбасының мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «Қазақстан Орал» телеарнасының Қаратөба ауданы бойынша тілшісі Ажаргүл Әлиева сөз бастады. Ұлт бірлігі үшін Елбасы мақаласының маңызды екенін атап өтті.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев:

- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен көлемді стратегиялық маңызы бар мақаласы жарық көрді. Негізгі мақсаты елдің алдағы кезеңде рухани тұрғыда түлеуіне септігін тигізер басым бағыттарды іске асыру. Демек, бұл құжаттың әрбір қазақстандық үшін берер маңызы орасан зор. Елбасымыздың мақаласында аса басымдылыққа ие «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданда бірқатар жұмыстар жүргізілуде, - дейді. 

Президент мақаласының қоғам құп көрген тұсының бірі Қазақстанның толық латын қарпіне көшуі. Жиналған жастар бұл дұрыс шешім деген пікірде.
Жастар «Туған жер» бағдарламасы жөнінде айрықша атап айтты, сондай-ақ тарихи жерлерге саяхат жасап, олар жөнінде қысқаша кітап жазуды ұсынды.
Жиын соңында «Мұхит жастары» ЖҚБ төрағасы Мерей Амангелдиев:

- Елбасымыз өз мақаласында 30 елдің қатарына қалай қосыла алатынымызды, қандай шара жасап, не істеу керектігімізді кезең-кезеңімен нақты көрсетті. Бұл орайда жастардың сапалы білім алғаны, ұлтжанды азамат болуы маңызды. Біз жастар ел болашағы, бұл мақала, Жолдауларды құр талқыламай, оны іс жүзінде дәлелдеп, жүзеге асыруға ат салысуымыз керек», деп атап өтіп, белсенді жастарды қоғам өміріне белсене араласуға шақырды.
Басқосуда Қазақстанның басты рухани құндылықтары көрініс тапқан мақала кеңінен талқыланды. Жиын соңында жастар өзара пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін білдірді.