Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес ҚР аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына сәйкес Қаратөбе, Сулыкөл, Аққозы, Саралжын, Жусандыой ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Таңдаушылар отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етіп, сайлау заңдылықтарына тоқталып өтті. 

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына арналған отырыста аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сатқан Өмірзақов сөз сөйлеп, аудандық мәслихат депутаттарын сайлаудың өткізілу барысымен таныстырды.

Одан соң аудандық мәслихат депутаттары ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерге дауыстарын беріп, өз таңдауларын жасады.

Отырыс аудандық сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылды. 
- Бес ауылдық округтің әкімдерінің сайлауын өткіздік. Сайлауға түскен он бес үміткерге аудандық мәслихат депутаттары дауыс беріп, таңдау жасады. Сайлау заң талаптарына сай өтті. Аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі аудан әкіміне және аудандық мәслихатқа ұсынылады,- дейді аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Бақытжан Жүсіпқали.