Бүгінгі таңда ауылшаруашылығы саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылдық округтердегі жер телімдерін тиімді қолдану, ауылшаруашылық малдарын асылдандыру секілді маңызды істер өзекті мәселе болып табылады.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылшаруашылық саласын дамыту жөнінде кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. 

Аталмыш жиынға Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, кәсіпкерлік палатасы Қаратөбе аудандық филиалының директоры Асхат Тойшыбаев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Асыланбек Бисембай қатынасып кәсіпкерлерге өз салалары бойынша кеңестер берді. 

Аталмыш жиында кәсіпкерлік палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және ауылшаруашылық бөлімдері ауылшаруашылығы саласына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселен субсидия алу, мал бордақылау алаңын салу, сондай-ақ медициналық сақтандыру жарнасының уақытылы аударылуы мәселелерін кеңінен талқылады.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшы Нұрбол Бозов «Береке», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары аулшаруашылық құрылымдарын қаржылай қолдауға ықпал ететіндігін жеткізіп, кәсіпкерлерді ұйымшылдықта жұмыс атқаруға шақырды. 

– Елбасының биылғы Жолдауындағы негізгі басымдықтардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын қалыптастыру екені белгілі. Бұл игі істен ешбір сала қалыс қалмайды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы саласыда жаңа жүйеге бет бұруда. Осыған орай биылғы жылғы субсидия қағидаларына да бірқатар өзгерістер енгізілді,- дейді Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев.