Бүгін Қаратөбе ауданында жылдағы дәстүрге сай оздырылып келе жатырған ауқымды шара, игі іс «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуына байланысты аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында баспасөз конференциясы оздырылды.

Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Ержанұлы қоғамда айырықша маңызға ие екі айлық акцияны өткізу мақсатында аудан бойынша жасақталған жоспарлы жұмыстар турасында әңгімелеп, қаратөбеліктерді баршаға ортақ ізгілікті іске белсене қатысуға шақырды. 

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев өткен жылы өткен акция шеңберінде атқарылған ауқымды істерді баяндап, ағымдағы жылы өтетін акцияны жасақталған жоспарға сәйкес өз деңгейінде жүргізуге баса көңіл бөлуді конференцияға қатысушылар назарына салды.

«Өткен жылы акция аясында көптеген ізгілікті істер атқарылды. Аудан халқы аталмыш қайырымдылық акциясын биылғы жылы да жылдағыдай ұйымшылдықпен өткізеді деген сенімдемін, баршаңызды акцияға бір кісідей жұмыла қатысуға шақырамын»,- деді сала басшысы Б.Ғарапшиев.

Өткен жылғы акция аясында қайырымды жандар мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері тарапынан атқарылған ізгілікті істер аталып өтілді. 
Жыл сайын аталмыш акцияға өзіндік зор үлестерін қосып жүрген елжанды азаматтардың өнегелі істері келешек ұрпаққа үлгі . Маңызға ие абыройлы іс.