Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жомарт Абдрахманов пен аталмыш саланың бөлім басшысы Ардақ Ізғалиев аудан тұрғындарын қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда болған қаратөбелік жас мамандар Мұхтар Шайжанов пен Ержан Бақтығалиев мемлекеттік қызметке байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойы.

Қабылдау барысында мемлекеттік қызметтің бонустық жүйесі туралы, тұрғын үй кезегіне қатысты сауалдар қойылды.
Жомарт Қаражанұлы мен Ардақ Есенғалиұлы мамандардың сауалдары бойынша түсініктер берді.