20 шілдеде Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Үшағаш, Соналы және Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Темірбек, Төлен, Үшана ауылдарына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандарын аралады.

Ауылдарға жұмыс сапарын Үшағаш негізгі орта білім беретін мектебінің жай-күйімен танысудан бастаған лауазымды тұлғалар мектептің техникалық жабдықталуына, атқарылып жатырған жұмыстары мен жетістіктеріне оң баға берді. 

Содан кейін ауылдағы медпункттің жұмысымен танысып, ауыл халқына қажетті деңгейде дәрігерлік көмек көрсетуге бірқатар тапсырмалар берді. 
Үшағаш ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапхана тыныс-тіршілігімен танысып оқырмандардың саны, кітап қоры туралы мәліметтерді білді. Сонымен қатар Үшағаш ауылы тұрғындарының табиғи өсімі мен әлеуметтік жағдайы жайында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев баяндады.
Ал Соналы ауылындағы орта мектептің жағдайы аудан әкімі Жанат Асылханұлын аландатты. Аталмыш оқу орыны жанындағы мектеп асханасы мен шағын орталық ғимараты тозығы жетіп, күрделі жөндеуді талап етіп тұр. 
Ғимараттың жай-күйімен танысқан аудан әкімі Жанат Асантаев алдағы уақытта тозығы жеткен нысанды назарда ұстайтынын жеткізді.
Түс ауаТемірбек, Төлен ауылдарында болып, ондағы шаруа қожалықтарының тынысымен танысып, қысқы мал азығын жинаудың уақытылы орындалуы жөнінде білді. 
Бұдан әрі аудан басшысы Жанат Асылханұлы Қаратөбе ауданы су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жұмысымен танысты.
Қазіргі уақытта Үшана ауылынан басталған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысының жұмыстары ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділігін арттыру, жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. 
Жобаның жалпы құны 900 млн. теңге қаражатты құрайды. 
Бас мердігер «KazConstructionGroup» ЖШС (бас директор Мұратбек Мұхамбедиев) жүргізіп отырған сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары бойынша Қаратөбе ауылынан Үшана ауылына дейінгі аралықтағы жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы ұзындығы 54 шақырымға жуықтайтын жоба негізінде Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл және Үшана ауылдарына таза да сапалы ауыз су жеткізілетін болады. Құрылыс мерзімі 9 ай аралықты қамтиды.
- Бүгінгі таңда сумен жабдықтау жүйесі құрылысының 50 пайызы бітіп тұр. Шөптікөл мен Сулыкөл ауылдарында (Су сақтау), қалған Үшағаш, Соналы, Үшана ауылдарына (Су сақтау) орнатып, жобаны уақытында орындайтын боламыз, - дейді мердігерлер.
Үшана ауылындағы ұлағат ұясында болған аудан басшысы білім ордасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған мұғалімдерге сәттілік тілеп, балабақша мен мәдениет үйіне ат басын бұрды. Өз кезегінде аудан әкімі Жанат Асантаев:
- Елбасымыздың тапсырмасы бойынша ауылдарыңызға таза су келгелі жатыр. Қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін! Алдағы уақытта сапалы ауыз сумен қамтылатын боласыздар. Мектеп, медпункт барлығына жөндеу жүріп жатыр. Бұл дегеніміз - жаңғыру. Елбасы тапсырмасының жүзеге асып жатқандығының белгісі. 
Елбасының биылғы Жолдауында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ауылда тазалықты, тәртіпті сақтау, кәсіпкерлік қызметті жүйеге келтіру мәселелері де аудан басшысының назарынан тыс қалмады.