Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев округтің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында ауданның Қаракөл ауылдық округінде болып, елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралады.

Алакөл ауылындағы дәрігерлік пункт пен мектептің, округ орталығы Ақтайсай ауылындағы мектеп балабақша мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, мәдениет үйінің жұмысымен танысып, округтегі салалар басшыларымен алда атқарылатын жұмыстар турасында ой бөлісті.
Округтегі мәдениет үйінде өткен жиналыста ауыл әкімі Нұржан Сахипов 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша округте атқарылған жұмыстарды баяндады. Округ тұрғындары Тыныштық Жаңабайұлы мен Қайырғали Рамазанов оуругтегі өзекті мәселенің бірі саналатын ұялы телефон байланысы туралы көкейлерінде жүрген ойларын айтса, аудандық мәслихаттың депутаты, Қаракөл ОЖББМ балабақшасының директоры Самал Орынбасарқызы мектепті көгілдір отынмен жылытумен қамту мәселесін алға тартты. 
Аталмыш жиында округ тұрғындары тарапынан көп жылдардан айтылып, жауыр болған өзекті мәселенің бірі ауыл іргесіндегі сай арқылы өтетін жолды жөндеу, көпір салу мәселесі , жағдайы сын көтермейтін Алакөл ауылындағы мәдениет ошағына жөндеу жүгізу, Қаракөл ОЖББМБ көгілдір отымен жылытылатын жүйеге қосу мәселелері әңгіме болды.
Аудан басшысы Ж.Асылханұлы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Ауыл тұрғындары Нұржан Хамидоллаұлы ауыл әкімі қызметіне келгеннен бері жол қатынасы мәселесіне қатысты жолды қырып тегістеу жұмыстарының жақсы жолға қойылғандығын тілге тиек етті.