18 шілде күні түс ауа аудан әкімі Жанат Асантаевтың сапары Қоскөл ауылдық округінде жалғасты.

Алдымен, аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесіп, округ әкімі Берік Жақсығалиевтың 2017 жылдың І жартыжылдығының есебін тыңдады.

Есептік бағдарлама Берік Нұржанұлы:
– Ағымдағы жылдың сәуір айының 14 күні Қоскөл ауылында ірі қара 
малы арасында пастереллез ауруы шығуына байланысты 30 күнге шектеу жарияланып, індет ошағын жою бағытында ветеринариялық жұмыстар жүргізілді.
2017 жылға арналған «Жұқпалы ауруларға қарсы күрес» бағдарламасы бойынша мал дәрігерлік емдеу, алдын алу шаралары белгіленген жоспар бойынша жүргізілуде. Бруцеллезге қарсы 1800 ірі қара малынан қан алынып,15 бас ірі қара ауруға шығып жойылды. Бруцеллезге қарсы қой-ешкі 5896 бас зерттеліп, ет комбинаттарына тапсырылды. 2200 бас ірі қара, 4000 бас қой ешкі,100 жылқы қараталақ ауыруына қарсы вакцинация жүргізілді.1500 бас ірі қара қарасанға егілді. Туберкулезге 2500 бас зерттелді,- деді.
Жиында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Нығыметов, Әзербай Кенжеғалиев сөз алып, ағымдағы жылы пастереллез ауруынан болған мал шығынына өтемақы беру, қыс мезгілінде жолдың уақытылы қардан тазартылу турасында сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алды.
Бұдан әрі аудан әкімі Жанат Асантаев Орал-Ақтөбе тас жолының бойынан автокемпинг логистикалық орталығының құрылысымен танысып, мердігер компания өкіліне жұмыстың қарқынды жүргізіліп, сапасына аса мән беруді тапсырды.
Одан соң аудан басшысы Жанат Асылханұлы округке қарасты Шалғын ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап, Серікқали Жолымбеттің иелігіндегі «Жолымбет» шаруа қожалығында болып, шарушылықта жүргізіп жатырған құрылыс жұмысымен танысты.
Лауазымды тұлғалар жұмыс сапарын Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылындағы ауыл ақсақалдарының ұйымдастыруымен салынып жатырған мектеп асханасынның құрлысын қадағалап, оң баға берді.
Сапар барысында аудан әкімі Жанат Асантаевпен бірге аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадіржан Сүйеуғалиев, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов және бірқатар мекеме басшылары боды.