Бүгін Қаратөбе аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарының мәртебесін аңықтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың орындалуы жөнінде жиын өтті.

Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Жанат Асантаев күн тәртібімен таныстырды.
Кезегінде сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Баян Жамбылова: 
– Жалпы аудан бойынша халық саны – 16328. Оның жұмысқа белсендісі – 8854. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламалық мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 17-інші шілдесіне 4560 азаматтың мәртебесін аңықтау қажет болатын. Қәзіргі таңда 100% анықталып, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
Ауданның 19 елді мекендеріне шығып жұмыс берушілермен, жалдамалы жұмысшылармен, өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен, жұмыссыз аудан тұрғындарымен жиындар өткізіліп, 7530 тұрғынға түсінік жұмыстары жүгізілді,- деді. 
Жиында аудан басшысы Жанат Асылханұлы мекеме басшыларынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша сын-ескертпелер айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Жанат Асылханұлы күн тәртібіндегі мәселе жөнінде округ әкімдерімен, тиісті мекеме басшыларына бірнеше тапсырмалар жүктеді.