Қаратөбе аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жоспардан тыс отырысы оздырылды.

Оған аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев төрағалық етті.
Комиссия отырысына Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, террористік тұрғыдан осал объектілер басшылары қатысты.
Күн тәртібінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы барысында атқарылған жұмыстар, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру және оның жай-күйін бақылау туралы мәселелер қаралды.
- Аудандық террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына кірген білім беру нысандарында 110 бейне камера орнатылды. Сонымен қатар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өтетін нысандарында 13 бейнебақылау камерасы қойылып, бақылау қондырғысы тиісті денгейде орналастырылды. 
Осал объектілер қатарына кірген мекемелерде күзет жұмысын бәсекелестік ортаға беру жұмыстарында аудандық білім беру бөлімі бойынша 11 нысанда 6 маусымнан бастап күзет жұмысына «Ястреб» ЖШС-гі өз жұмысына кірісті.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана күзет жұмысын бәсекелестік ортаға беруде ашық конкурс өткізіп, мамыр айының 22-ші жұлдызынан бастап «Батыс-Күзет» ЖШС-гі жұмыстануда, - дейді атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарлама жасаған аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, жұмыс тобы хатшысы Махамбет Қажыгереев.
Отырысқа қатысушылар тарапынан хабарламашыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.