11 шілде күні Қаратөбе аудандық прокураутрасында «Ұрлыққа тоқтам» жобасы аясында аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитовтың төрағалық етуімен кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитовтың аудан аумағындағы мал ұрлығының алдын-алу мақсатында жүргізіліп жатырған шаралар, үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарының себептері, округ әкімдіктерімен және аудандық ветеринария бөлімімен сойылған және сатуға шығарылған малдарға анықтама беру тәртібінің реттелу жағдайына тоқталды.

Сонымен қатар аудан прокуроры аудан бойынша көшелерде бағымсыз жүрген мал иелеріне әкімшілік іс қозғау немесе мал қамау алаңдарын салып, тиісінше айыппұл төлету туралы шешім қабылдады.
Жиын соңында аудан прокуроры мал ұрлығынының алдын-алу бағытындағы профилактикалық шараларды күшейту, көрші облыстармен, аудандармен шекаралас елді мекендердің аумақтарына учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен рейдттік шаралар өткізуді тапсырды.