Шілде айының 5-і күні Қаратөбе ауданының орталық алаңында Астана күніне арналған «Ерке Есілдің бойына ел қондырған – Астана» атты мерекелік шара оздырылды.

Үлкен маңызға ие айтулы мерекеге орай алаңға орнатылып безендірілген сахнада аудан әкімі Жанат Асантаев құттықтау сөз сөйледі. Қаратөбеліктерді елорданың туған күнімен құттықтаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы Елбасының сындарлы саясатының аясында жасампаз Қазақ елінің қол жеткізген жетістіктеріне, мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті. 
Астана күні мерекесіне арналған салтанатты шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Сахнада аудан көркемөнерпаздарының орындауында «Астанаға арнау», «Алматы мен Астана», «Тәуелсіздік толғауы», «Таңғы қала», «Ұлы дала», «Елбасы», «Асыл азамат», «Астана», «Жүрегің қазақ», «Әке толғауы», «Ұлылар үні болған қазақпын», «Елім-ай!» әндері шырқалып, бишілер тобының мың бұрала билеген биі алаңға жиналған аудан тұрғындарына мерекелік көңіл сыйлады.

 

Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы