ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп нақты айтылған болатын. 

Бүгін Қаратөбе ауданында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Туған жер» бағдарламасымен ұштастырылған «Таза орман» акциясы өтті.
Аталмыш акцияға аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымының өкілдері шығып, ауыл тазалағына атсалысты.
Облыстық маңызы бар Қаратөбе-Жымпиты тас жолының, аудандық маңызы бар Қаратөбе-Соналы, Жусандыой-Ханкөл, Қоскөл-Егіндікөл, Қаратөбе-Қоржын-Карақамыс, Қаратөбе-Ақтайсай ауылдары бағытындағы жол бойындағы орман алқаптары қураған ағаштардан, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 
Аудан бойынша акцияға жалпы саны 650 адам қатысып, 8 трактор тіркемесімен тартылып, 25 тоннадай кесілген ағаштар және тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
Қаратөбе ауданы