Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара оздырылды. 

Айтулы шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, ішкі істер саласының ардагерлері мен полиция қызметкерлері, мекемелер басшылары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Тәртіп сақшылары мерекесіне арналған шарада аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Иманғалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Нұрмағанбетов, аудандық мәслихат хатшысы Қ,Сүйеуғалиев, сала ардагері Қ.Мәжитов, сала басшысының орынбасары Р.Бекеев сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, 25 жыл аясында аудандық ішкі істер бөлімінде тындырылған оңды істер және өскелең ұрпақ жас мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосушы сала ардагерлерінің еңбегі туралы әңгімелеп, аудан сақшыларын ҚР полициясына 25 жыл толуына орай төл мерекелерімен құттықтады.
Айтулы мереке салтанатында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы кәсіби мерекеге орай еңбегі елеулі ауданның тәртіп сақшылары Алмаз Амангелдіұлына, Бекболат Амандықұлына, сала ардагерлері Тілектес Құрманғалиұлына, Махсот Нұрсұлтанұлына, Серік Құбайұлына аудан әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатын табыстады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Нұрмағанбетов сала қызметін өркендетуге зор зор үлесін қосқан аудан әкімі Асхат Шахаровқа, сала ардагерлері Қуаныш Мәжитовке, Серік Галимовқа, Серік Еркіновке, Талғат Төлеуовке «Қазақстан Республикасының полициясына - 25 жыл» мерекелік омырау белгісін табыстады.
Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті басшысының мақтау қағазы полиция инспекторлары Қуан Әбуталин мен Алтынбек Жүсіпқалиевке табысталды.
Алқалы жиында С.Нұрмағанбетов қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына белсене атсалысқандары үшін аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысына зор алғысын білдірді. 


Ерболат РАЙСОВ, Қаратөбе ауданы