Қасиетті Рамазан айында Қаратөбе аудандық мешітінің имамы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманымен бірлесіп, Жусандыой, Ханкөл, Қоскөл, Қалдығайты ауылдарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

Түсіндіру тобында аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы, Әмірбек Жәнібеков, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің тәлім алушысы Ораз Әміриев болды.
Іс сапар барысында «зекет беру, қайырымдылық жасау, ислам діні, оразанын пайдасы» тақырыптары негізге алынып, халықтың діни түсінігін түзету мақсатында уағыз-насихат және пікір алмасу өткізді.
Аталмыш топ бүгін Аққозы, Саралжын ауылдық округтерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы