Кеше Мұхит атындағы Қаратөбе орта жалпы білім беретін мектеп базасында орналасқан №846 ҰБТ өткізу пунктіндегі ҰБТ сынағы аяқталды.

Аталмыш сынақты тапсыруда аудан бойынша ең жоғары балл жинаған Қаратөбе мектеп гимназиясының түлегі Әлихан Есқазиев болды. Оның жинаған балы-129. 
Талапкерлер арасынан аудан мектептері бойынша «Алтын белгі» иегерлері атанған Гүлжазира Қалдыбаева, Гүлімбибі Қайырлиева, Аружан Сайкомова, Құндыз Орынғалиева, Гүлназ Шакеева, Гүлжанат Сембаевалар тест сынағынан жоғары балл жинады.
Аудан бойынша білім сапасыны көрсеткіші 89 пайызды құрап отыр.

Әлихан ЕСҚАЗИЕВ, Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлегі:
- Бүгін ауданның барлық мектептерінен келген талапкерлер өздерінің білімін сынады.
Бұл күн мен үшін есте қаларлықтай тамаша күн болды. Өйткені мен алтын ұя мектебімде дәріс берген аяулы ұстаздарым мен ата-анамның сенімін ақтадым деп ойлаймын. Олар бүгін менің жетістігіме бірге қуануда. Бұл мен үшін үлкен жетістік. 
«Білім негізі - бастауыштан» демекші қолыма қалам ұстатып, әріптерді танытқан, бастауыш сыныпта дәріс берген ұстазыма, 10 - сыныпқа дейін білім берген Соналы ОЖББ мектебіндегі және облыс аумағындағы алдыңғы қатардағы білім ордасының бірі аяулы мектебім Қаратөбе мектеп-гимназиясындағы ұстаздарымның білім беру жолындағы елеулі еңбектеріне алғысым шексіз.
Тест сынағынан өткен талапкер құрдас-құрбыларыма сәтті қадам тілеймін. Барлығы да өздерінің таңдаған мамандықтарына сай жоғары оқу орнына түсіп, маман иелері атануына тілекшімін.


Ерболат РАЙСОВ, Қаратөбе ауданы