Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық мешіттің имамы Әділжан Бекқазиевтің ұйымдастыруымен Қаратөбе мектеп-гимназиясында мешіт жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті.
«Спорт – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Дені сау құлдың құлшылыққа деген құлшынысы бекем. «Әлсіз мұсылманға қарағанда әлді (денсаулығы мығым) мұсылман Аллаға анағұрлым ұнамды» екендігі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де анық айтылған.
Аталмыш волейбол жарысына 2 команда қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан жігіттер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде достық жеңді. Жарысқа қатысушы барлық ойыншыға кітаптар мен дипломдар табыс етілді.
Аудандық мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлының айтуынша, енді мешіт жамағаты спорттық ойын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы