«EXPO-2017 Астана» Халықаралық көрмесіе арналған қазақ күресінен 2000-2002 жылғы туылған жасөспірім қыздар және 2003-2005 жылғы туылған кіші жасөпірім ұлдар мен қыздар арасындағы ашық облыстық турнирден жерлес спортшылар табыспен оралды.
Облыс орталығы Орал қаласы сондай-ақ аудандардан келген палуандар 10 салмақ дәрежесінде белдесті.
Жарыс қорытындысында 35 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Ақылбек Асылбекұлы (жаттықтыушысы Бекет Мерболатов), 42 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды Дәулет Болатов (жаттықтырушысы Жақсат Қажымов), 46 келі салмақ дәрежесінде І орынды Мұқағали Өтепов (жаттықтырушысы Роман Сыдықов), +70 келі саламақ дәрежесі бойынша І орынды Мөлдір Зейнова (жаттықтырушысы Дулат Қоламанов, Роман Сыдықов) иеленді.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы